Бокс

Лео Санта Крус: Головкин рематчта Альваресті жеңді

Лео Санта Крус: Головкин рематчта Альваресті жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Лео Санта Крустың пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы рематчта қазақстандық боксшы жеңіске жетуі керек еді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Канело төрешілер шешімімен ұтқан болатын.

«Бұл өте жақын жекпе-жек болды. Ол тең есеппен не болмаса Головкиннің жеңісімен аяқталуы тиіс еді. Головкин оныншы, он бірінші және он екінші раундтарды өз пайдасына жазды деп ойлаймын. Үшінші жекпе-жек пе? Әрине, көргім келеді. Себебі алғашқы екі кездесуден соң кімнің жеңімпаз екенін дәл айту қиын», - деді Санта Крус Fighthype.com-ға берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер