Жеңіл атлетика

ҒТО-ға Дамир Абулев жетекшілік етеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы былтырғы жылдың басында ғылыми-техникалық орталығын ашқан болатын. Негізгі мақсат төрешілер мен жаттықтырушылардың біліктілігін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, деп жазады аталған федерацияның ресми сайты.

Осы уақытқа дейін бірнеше оқу курстары, семинарлар, тәжірибелі сабақтар ұйымдастырылды. Қазақстандық жаттықтырушылар мен төрешілерге дәріс оқу үшін шетелден білікті мамандар шақырылды. Бұған дейін орталық ты Александр Кругликов басқарып келген. Жазда ол қызметінен кетті. Себебін, ҚР жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Лашын Аймағамбетов былай түсіндірді:

– Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастыығының (IAAF) даму департаментінің ақпаратына сәйкес, Кргуликов мырзаның IAAF-тан сертификатының уақыты біткен. Әрбір үш жыл сайын жаңасын алып отыруы керек. Қазіргі кезде уақытша бұл міндетті Дамир Абулев атқарады. Ол ғылыми-техникалық орталық барлық курстарына белсене қатысып жүр. Оның үстіне, біз жүргізген зерттеу жұмыстарына сәйкес курстар мен балалар жеңіл атлетикасына қатысты жарыстардың көбісі Абулев ұйымдастырған. Оның лектор ретіндегі тәжірибесі мен төреші және жаттықтырушы ретінде біліктілігі орталықтың әріқарай дамуына ықпал етеміз деп сенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер