Хоккей

«Барыс» Мәскеуде «Динамодан» басым түсті

news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасындағы 11-ші ойынын өткізген «Барыс» хоккей командасы Мәскеуге қонаққа барып, жергілікті «Динамодан» жеңісті жұлып алды, деп жазады prosports.kz.

Кездесу овертаймға дейін жалғасып, 2:3 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді.

«Динамо»(Мәскеу, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 2:3 (0:0, 1:1, 1:1, 0:1)

0:1 – Фрэттин (Михайлис, Петерссон) 22:44

1:1 – Никулин (Мозер, Закриссон) 35:43 ГБ

2:1 – Хиетанен (Койвисто) 46:30 ГБ

2:2 – Даллмэн (Боченски, Фрэттин) 52:51 ГБ

2:3 – Фрэттин (Михайлис) 63:31 ГБ

Осы жеңістен кейін «Барыс» 11 ұпаймен «Шығыс» конференциясының турнир кестесінде 6-шы орынға орналасты. Енді ертең Андрей Скабелка шәкірттері Мәскеу облысының тағы бір командасы «Витязьбен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер