Волейбол

Жағажай волейболынан алты команда әлем чемпионатының жолдамасына таласады

news-banner7
mobile-news-top

Қыркүйектің 25-28 аралығында Таиландтың Сатун қаласында жағажай волейболынан құрлықтық турнир өтеді, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Бұл жарыста 2019 жылы Германияда өтетін жағажай волейболынан әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынады.

Әлемдік додаға лицензия тарататын соңғы жарыс сәуір айына жоспарданған. Осы аралықта бірнеше турнир өтіп, Гамбургтегі әлем чемпионаты ең жоғары ұпай жинаған төрт команда ғана қатысады.

Сатундағы сынға құрлықтық 16 мемлекетінен 37 ерлер командасы және 12 елден 27 әйелдер командасы қатысады.

Қазақстан атынан үш ерлер және үш әйелдер ұжымы қатысады.

Олар:

Сидоренко Алексей, Дьяченко Александр; Яковлев Дмитрий, Богату Сергей; Кулешов Алексей, Бабичев Александр;

Машкова Татьяна, Цимбалова Ирина; Самалықова Бақтыгүл, Еропкина Елизавета; Раченко Алина және Жук Кристина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер