русский язык
Футзал

«Қайрат» «Тұлпардан» ұтылып қалды

«Қайрат» «Тұлпардан» ұтылып қалды

Футзалдан ел біріншілігінің шегерілген 3-ші тур кездесуінде, «Қайрат» сырт алаңда «Тұлпарға» жол берді.

Қарағандыға алматылық команданың сапында бес бразилиялық ойыншы аттанды – Жоан, Бетао, Фумаса, Барон мен Лео. «Тұлпарда» бразилиялық Сидней алаңға шықпады.

Ойын тартысты өрбіді. Есепті бірінші болып Фумасаның қателігінен қарағандылық Дуглас ашты. Артынша, Халявиннің қақпасына екінші голды Павел Таку соқты.

Екінші таймда Жоан әріптесі Бетаоға әдемі пас беріп, соның нәтижесінде «Қайрат» есеп айырмасын қысқартты – 1:2. Дегенмен, «Қайрат» есепті теңестіруге ұмтылған сәтте, Әміржан Мұқановтың командасынан үшінші голды жіберіп алды. Павель Таку дубль жасады. Ойын соңында «Қайрат» капитаны Дінмұхамет Сүлейменов бір гол қайтарып, командасына мүмкіндік берді. Алайда, «Тұлпардың» ойыншылары Довгань мен Шынғыз Есенаманов есепті ұлғайтты. Мачтың аяқталуына бір минут қалғанда, алматылық Николай Пенгрин жалпы есепті қорытындылады.

Ертең «Тұлпардың» аренасында қарымта кездесу ойналады.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. 3-ші тур.

«Тұлпар» — «Қайрат» 5:3 (2:0)
Голдар: Дуглас 14, Таку 18, 27, Довгань 37, Есенаманов 38 — Бетао 22, Сүлейменов 35, Пенгрин 39
Төрешілер: Сәлімов (Астана), Қосмұхамбетов (Қостанай)
28 желтоқсан. Қарағанды. «Тұлпар» стадионы. 500 жанкүйер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;