Бокс

«Канелоның» Головкиннен тартып алған белбеуіне кімнің таласатыны белгілі

«Канелоның» Головкиннен тартып алған белбеуіне кімнің таласатыны белгілі
news-banner7
mobile-news-top

WBC Дүниежүзілік бокс кеңесінің төрағасы Маурисио Сулеймен мексикалық Сауль Альварес осы тұжырымдағы чемпиондық белбеуді қай боксшыға қарсы жекпе-жекте қорғайтынын айтты.

Boxingscene.com сайтының мәліметіне жүгінсек «Канело» WBC чемпиондық белбеуін америкалық Джермалл Чарлоға қарсы жекпе-жекте қорғайды. Америкалық боксшы кәсіпқой мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Алайда бұл шешім әлі нақты емес. 30 қыркүйек күні Украина астанасы Киевте өтетін WBC-тің конвенциясында Сауль Альварестің қарсыласы анықталады.

Айта кетейік, мексикалық боксшы Сауль Альварес 15 қыркүйек күні өткен қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Super және WBC чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер