Бокс

Альварес соңғы жекпе-жекте Головкин жеңгенін мәлімдеді

Альварес соңғы жекпе-жекте Головкин жеңгенін мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша колумбиялық әлем чемпионы Элейдер Альварес өзімен тегі бірдей мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді екінші жекпе-жекте жеңді дегенге келіспейді.

Естеріңізге сала кетейік, GGG мен "Канелоның" қарымта кездесуі 16 қыркүйек күні өтіп, төрешілердің шешімімен Сауль жеңіске жетті. Бір жыл бұрын алғашқы жекпе-жек тең аяқталған болатын.

"Бұл жолы "Канело" жақсырақ жұдырықтасты, өйткені ол әрдайым алға ұмтылып отырды, дегенмен қарсыласының едәуір жойқын соққыларын өткізіп алды, сондықтан мен Головкин жеңді деп есептеймін. Бірақ кейде бокста мұндай жағдайлар болып тұрады", — деді Элейдер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" рингте тағы да кездесуі мүмкін. Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Сауль үшінші жекпе-жек өткізудің шарттарын ұсынды.

Оның пікірінше, оларды дәл қазір қайта жұдырықтастыру ақымақтық болады.

"Канело" супер жұлдыз ретінде өз жолымен жүре береді. Ол бұған осы соңғы жекпе-жектің арқасында жетіп отыр. Головкин қайта қалыпқа келіп, бірнеше боксшымен жұдырықтасып жеңіске жетсін. Содан кейін ғана біз оларды кездестіреміз", — деді ол.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер