Ричард Алмейда: «Астана» сапындағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын

Ричард Алмейда: «Астана» сапындағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Премьер-Лиганың 27-ші туры аясында сырт алаңда оралдық «Ақжайықты» 2:1 есебімен жеңді. Аталмыш кездесудегі елорда командасының бір голын Ричард Алмейда өз еншісне жазды.

Бұл Әзірбайжан құрамасының жартылай қорғаушысының Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары сапындағы алғашқы голы ретінде тіркелді. Бразилиялық ойыншы клубтың баспасөз қызметіне алғашқы соққан голынан кейінгі өз әсерімен бөлісті:

- «Астана» сапындағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын. Бұл голымды командалас әріптестеріме, жанкүйерлерге және бүгін таңда Қазақстанға ұшып келген отбасыма арнағым келеді. Маған кез келген футболшы сияқты гол соққан ұнайды. Алайда, мен өз алдыма көп гол соғу керек деген мақсат қоймаймын. Мен бірінші кезекте командаға көмегімнің тигенін қалаймын. Ал ол соғылған голға ұласып жатса мен екі есе бақытты боламын. Алаңда болған кезде нәтижелі пас бергенді жөн санаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер