Бокс

Головкин үшінші жекпе-жекке келісімін берді. Альварес дайын ба?

Головкин үшінші жекпе-жекке келісімін берді. Альварес дайын ба?
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер сұхбатта қазақстандық боксшының үшінші кездесуге дайын екенін айтты.

Альварестің өкілі не деп жауап берері белгісіз.

- Қазір Геннадий жанұясымен бірге демалады, сосын не істейтінімізді шешеміз. Golden Boy шешімін көреміз. Олар жылдың аяғында “Канело” үшін жекпе-жек ұйымдастыруды жоспалап отыр деп естідім. Егер трилогия болмаса, біздің нұсқаларымыз бар. Біз үшінші кездесу үшін ашықпыз, —дейді Том Леффлер.

Леффлер GGG жанкүйерлерінің іштері пыспайтынын айтты. Геннадий Головкин қазан айында Top Rank санатындағы боксшымен рингке шығуға дайын. Бұл промоутердің сөзінше, жаман нұсқа емес.

- Сондерс Андрадемен жекпе-жекке шығады. Ал бізге Сондерспен жекпе-жек әрқашанда керек. Муратпен? Әрине, ол да мүмкін. Ол қазан айында, Лас-Вегасте рингке шығады, — деді Головкиннің промоутері.

Сонымен қатар ол, Геннадий Головкинде лауазымдардың жоқтығы қазақстандық боксшы үшін қазіргі уақытта керісінше тиімді екенін айтты. Себебі, боксшы енді міндетті жекпе-жектерден босатылды. Біздің чемпионымыздың өз-өзін қалыпқа келтіруге, жаттығуға, қысымнан арылуға уақыты көбейді.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер