Әлем футболы

ФИФА-ның марапаттау рәсімі Месси мен Роналдусыз өтеді

ФИФА-ның марапаттау рәсімі Месси мен Роналдусыз өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында ФИФА жылдың үздіктерін марапаттайды.

Алайда айтулы шара әлемнің үздік екі футболшысы - Месси мен Роналдусыз өтпек. Португал футболшысы 26 қыркүйек күні өтетін ойынға байланысты шараға келе алмайды. Ал Лионель Месси болса соңғы сәтке дейін іс-шараға қатысады деп жоспарланған. Алайда бүгін футболшы жеке мәселесіне байланысты келмейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, жылдың үздік футболшысы марапатына Португалия құрамасы мен «Ювентустың» шабуылшысы Роналду, «Ливерпуль» және Мысыр құрамасының футболшысы Мохаммед Салах, сондай-ақ «Реалдың» жартылай қорғаушысы және Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич үміткер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер