Бокс

Головкиннің бапкері: Үздік боксшы ма? Ол – Канело

Головкиннің бапкері: Үздік боксшы ма? Ол – Канело
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес дәл қазіргі уақытта орта салмақтағы үздік боксшыларды атады.

«Әлемдегі ТОП-5 орта салмақ боксшылары ма? «Канело», себебі ол жекпе-жекте жеңіске жетті. Головкин, Сондерс, Мурата... Андраде жайында білмеймін – ол өзінің орта салмақта екенін дәлелдеуі тиіс. Тізімде Чарло да бар», - деді Санчес.

Естеріңізге салсақ, Головкин 15 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен рематч өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. Былтыр боксшылардың алғашқы кездесуі тең аяқталып, бокс сарапшылары мен жанкүйерлері арасында үлкен дау шығарған еді.

Енді Головкин мен Альварес келесі жылы үшінші рет рингке шығуы ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер