Бокс

Головкин Сондерспен жұдырықтасуы ықтимал

Головкин Сондерспен жұдырықтасуы ықтимал
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы экс чемпион Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекке келісе алмаған жағдайда қосымша қандай нұсқалар барын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан мәлім етті.

15 қыркүйек күні Альварес төрешілер шешімімен Головкинді жеңді. Бұл қазақстандықтың карьерасындағы алғашқы жеңілісі және ол осы жекпе-жектен кейін WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды.

Жекпе-жектен кейін боксшылар үшінші қарымта кездесу өткізуге дайын екендерін жеткізді. Леффлер The Ring басылымына берген сұхбатында Альвареспен келісе алмаған жағдайда Головкиннің жапониялық Риота Муратамен және WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Осы уақытқа дейін Муратаның промоутері Токиода Головкинмен жекпе-жек өткізгілері келетінін мәлімдеген-ді. Ал Сондерспен Головкин осы жылдың тамыз айында жұдырықтасуы тиіс болатын. Мұны спортшының компаниясы Альварес бас тартқан жағдайда өткізуді жоспарлаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер