Бокс

Головкин мен Альварес үшінші рет жұдырықтаса ма – Том Леффлер жауап берді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBC/WBA/IBF/IBO бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің сөзінше, GGG Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға асықпайды, деп хабарлайды prosports.kz сайты Today.kz-ге сілтеме жасап.

- Адамдар олардың үшінші жекпе-жегін көргісі келеді. Геннадийдің не қалайтынын көреміз. Канелоның да нені қалайтынын көру керек. Ол жылдың аяғында жұдырықтасады деп естідік. Сондықтан бұл тақырыпта Golden Boy-мен сөйлесіп, оның жоспарын анықтап аламын. Жанкүйерлер олардың үшінші жекпе-жегін талап етеді деп ойлаймын. Қос тарап келісімге келе ала ма, жоқ па, ол басқа әңгіме, – деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер