Бокс

Сабыров «Тайсонмен», Ахмедов Қанат Исламның экс-қарсыласымен кездеседі

Сабыров «Тайсонмен», Ахмедов Қанат Исламның экс-қарсыласымен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

13 қазан күні Канаданың Квебек провинциясында өтетін бокс кешінде әлі жеңіліп көрмеген үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл туралы Instagram желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасы жазды.

Бір айта кетерлігі, бздің боксшылардың бәрінің қарсыласы Мексика елінің спортшылары. Әрі үшеуі де сегіз раундтық жекпе-жек өткізгелі отыр.

Супер орта салмақтағы Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) «Тайсон» деген лақап аты бар Адриан Луна Флореспен (20-5-1, 13 KO) жұдырықтасады.

Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) Норберто Гонсалеспен (23-11, 13 КО) кездеседі. Бұл боксшы қазақстандық бокс жанкүйерлеріне бөтен емес. 2017 жылы мамырда ол Канат Исламнан (25-0, 20 КО) төрешілердің шешімі бойынша жеңілген болатын.

Ал жеңіл салмақта бокстасатын Абылайхан Хусаиновтың (8-0, 5 КО) қарсыласы Хесус Лагуна (22-12-3, 19 КО) болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер