Қысқы

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері: Ресейдегі кубоктік доданың маңызы зор

news-banner7
mobile-news-top

Қыркүйектің 13-16 аралығында қазақстандық шорт-трекшілер Ресей ашық кубогінің бірінші кезеңінде бақ сынап, жүлделі орындардан көрінді. Осы жарыстан соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Олимпиада комитетінің сайтына шағын сұқбат беріп, спортшылардың аяқ алысына бағамдаған болатын.

- Ресей ашық кубогі біздің балалар үшін жақсы сынақ болды. Өйткені, жаңа маусымдағы ірі жарыстардың алдында мұндай бәсеке керек-ақ. Сол себепті, бұл Қазақстанға да, Ресейге де пайдалы турнир десем, артық емес. Кубоктік додаға ерлерден 92, әйелдерден 40 спортшы қатысты. Біздер алты жігіт пен төрт қызды жарысқа қостық.

Спортшыларымыз өз күштерін бағамдап, қай жерден қате кеткенін көрді. Калгари мен Солт-Лейк-Ситидегі әлем кубогі бәсекелерінің алдында Новогорск базасына тағы келуді жоспарлап отырмыз, - дейді бас бапкер.

Мәдіғали Қарсыбеков команда сапында жарақат алған спортшылар бар екенін де жасырған жоқ.

- Жазда Италияда өткен жиында Мәдина Жанбосына аяғын сындырып алды. Қазіргі таңда емделіп жатыр. Оның орнына Ольга Тихонованы алдық , - дейді ол.

Құрама бас бапкерінің айтуынша, Ресейдегі жаттығу жиындарының бұрынғыдан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Тек ғылыми-медициналық орталықтың жұмыс істегені үлкен басымдық береді екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер