Бокс

Шағым айтып, ақталғым келмейді – Головкиннің жаттықтырушысы пікір білдірді

news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Сауль Альвареспен болған екінші жекпе-жекте төрешілерден бұндай шешім күтпегенін айтты, деп жазады prosports.kz сайты Today.kz-ге сілтеме жасап.

Канело төрешілер шешімі бойынша 115-113, 114-114, 115-113 ұпайымен жеңді.

- Канелоның күші, оның қысым көрсетіп алға жылжығаны бізді таңғалдырған жоқ, біз одан осындай тәсілді күттік. Бізді шешім таңғалдырды: мен Геннадий жеңді деп ойладым, өйткені ол тиімді жұдырықтасты, джебпен жақсы жұмыс істеді. Он екінші раунд соңғы шешімді шығарған болса, төрешілер жекпе-жекке бағаны қалай бергенін түсінбеймін. Шағымданып, ақталғым келмейді. Біз жеңілген жоқпыз: жай ғана шешімді естідік. Меніңше Геннадий 7-5 есебімен жеңді, бұл пікіріммен БАҚ пен жанкүйерлер келіседі, – деді Санчес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер