Бокс

Том Леффлер: Головкин Муратамен шықса, тамаша айқас болады

Том Леффлер: Головкин Муратамен шықса, тамаша айқас болады
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер де қазақстандық боксшының алдағы жоспарларына тоқталды. Ол Геннадийдің «Канеломен» үшінші рет шаршы алаңда кездесуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«Қазір Геннадий отбасымен демалып жатыр, ал кейін біз әрі қарай не істейтінімізді талқылаймыз. Golden Boy не шешетінін көрейік, олар жыл соңында Канело үшін жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін естідім. Егер трилогия болмаса, онда біздің басқа жоспарларымыз бар. Бірақ біз үшінші жекпе-жекке дайынбыз», — деді ол.

Леффлердің айтуынша, титулдардың болмауы, бір жағынан, Головкинге пайдасын тигізеді.

«Муратамен жекпе-жек? Әрине, ол да мүмкін, бұл тамаша айқас. Ол қазан айында Лас-Вегасте қолғап түйістіргелі жатыр. Top Rank-пен де қарым-қатынасымыз жаман емес, бұл да жақсы мүмкіндік. Сондерс те Андрадемен жұдырықтасады, біз Сондерске қарсы жекпе-жекті үнемі қолдаймыз. Бір жағынан, қазір жақсы: титулдар жоқ, міндетті жекпе-жектер де жоқ, тиісінше қысым да жоқ. GGG үшін ненің жақсы болатынын көреміз», — деді Леффлер The Ring-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен қарымта жекпе-жекте отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен ұпай санымен жеңілді. Осылайша GGG барлық чемпиондық белбеуінен айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер