Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева Словакияда елді таңғалдырды

news-banner7
mobile-news-top

Словакия астанасы Братиславада мәнерлеп сырғанаудан Ondrej Nepela Trophy-2018 халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева екінші орын иеленд.

Қысқа бағдарламадан соң Тұрсынбаева жапондық Рики Кихираны ғана алға жіберіп, екінші орын алған болатын. Біздің спортшымыз жалпы есептегі жүлделі орнын сақтап, екі бағдарлама бойынша 192.30 ұпай жинады. Алтын медаль 218.16 ұпай иеленген Кихираның еншісінде. Ал қола жүлдені 180.02 ұпай жинаған ресейлік Светлана Константинова жеңіп алды. Айта кету керек, бұл Тұрсынбаеваның биылғы маусымдағы алғашқы жарысы.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер