русский язык
Футбол

ФИФА 2014 жылғы төрешілердің тізімін жариялады

ФИФА 2014 жылғы төрешілердің тізімін жариялады

Қазақстан футбол федерациясының сайты ФИФА 2014 жылғы халықаралық төрешілердің тізімін жариялады.

Оған төрешілерден алматылық Александр Алиев, қостанайлық Анатолий Вишниченко, қызылжарлық Александр Гаузер, қарағандылық Артём Кучин енді. Төрешілердің көмекшілері алматылық Сергей Васютин пен Самат Тергеусізовке, астаналық Әлібек Әубәкіровке, тараздық Евгений Бельскийге, қызылордалық Серік Жаппасбаевқа, қостанайлық Санжар Ысқақовқа, павлодарлық Рустам Сүіновке, атыраулық Анатолий Ходин де тізімде бар.

Әйелдер футболының тізіміне алматылық Юлия Медведева, теміртаулық Эльвира Нұрмұстафина, тараздық Ирина Гаврилова, төрешілердің көмекшілері қостанайлық Анастасия Акимова мен Елена Алистратова, алматылық Лилия Каримова, сарандық Кристина Янушкевич енген екен. Футзалдан астаналық Олжас Абраев пен қостанайлық Талғат Қосмұхамбетовқа, ал жағажай футболындағы төрешілерден алматылық Олег Бурмистров пен Павел Валяевқа ФИФА сенім артты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;