Бокс

Поветкин: Джошуа мені таңғалдырды дей алмаймын

Поветкин: Джошуа мені таңғалдырды дей алмаймын
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр салмақта WBA Regular тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Александр Поветкин британдық боксшы Энтони Джошуаға қарсы өткен жекпе-жек туралы пікірін білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Бірдеңе деу қиын. Шаршамаған секілді едім. Ауыр соққы алдым. Алаңдап қалды. Жекпе-жекті ойдағыдай өткізіп жатқан едім. Джошуа мені таңғалдырды дей алмаймын. Менен мықты болған соң нокаутқа жіберді. Жоспар бойынша жұмыс істеп жаттық. Алайда бір-екі жерде қателескен секілдіміз. Қазір нақты бір нәрсе айту қиын», — деп келтіреді Поветкиннің сөзін «Р-спорт» сайты.

Айта кетейік, 39 жастағы боксшы мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Ол бұған дейін 35 кездесуінде ұтқан болатын. Ал оның қарсыласы Энтони Джошуа 22 жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер