Бокс

Джошуа өзі нокаутқа жіберген боксшыға құрмет көрсетті

Джошуа өзі нокаутқа жіберген боксшыға құрмет көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Энтони Джошуа Александр Поветкинмен өткен жекпе-жектен кейін киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, ресейліктің алдында бас иді. Осы сәтте түсірілген видео британ боксшының Twitter аккаунтында жарияланды.

- Сәттілік саған, Поветкин. Болашақта жолың болсын, — деп жазылған видеоның тұсында.

Джошуа Поветкинді жетінші раундта нокаутқа түсірді. Қарымта кездесу Лондонның Уэмбли стадионында өтті. Ауыр соққы салдарынан ресейлік боксшыға дәрігерлер көмегі қажет болды. Британиялық WBA Super, WBO және IBF нұсқалары бойынша чемпион белбеулерін қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер