Баскетбол

NBA чемпионының әкесін белгісіз біреулер өлтіріп кетті

NBA чемпионының әкесін белгісіз біреулер өлтіріп кетті
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық баскетбол лигасының (NBA) чемпионы Ричард Джефферсонның әкесін белгісіз біреулер атып өлтірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі TMZ порталына сілтеме жасап.

65 жастағы Ричард Джефферсон алкогольдік ішімдік сататын дүкеннің маңында тұрған. Жол жөнекей өтіп бара жатқан көліктен белгісіз біреулер оқ ата бастаған. Баскетболшының әкесінің жанында тағы да басқа екі адам болған. Шабуылшылардың көздегені сол ма, әзірге белгісіз. Джефферсон ауруханаға жеткізілген, алайда алған жарақатынан сол мезетте қайтыс болған.

Кіші Ричард Джефферсон 2016 жылы «Кливленд Кавальерс» сапында NBA чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер