Әлем футболы

ПСЖ-ның көшбасшысына италиялық клубтар қызығып отыр

ПСЖ-ның көшбасшысына италиялық клубтар қызығып отыр
news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» клубының қорғаушысы Тиаго Силва келесі жылы мансабын Италияның А сериясында жалғастыруы мүмкін деп жазады, Prosports.kz сайты.

Бразилиялық футболшының қазіргі командасымен келісімшарты 2020 жылға дейін есептелген. Алайда келер жылы Тиаго Сильва командасын ауыстыруы мүмкін. Тәжірибелі қорғаушыны «Ювентус», «Наполи», «Рома» және «Милан» секілді бірнеше италиялық клубтар сапында көргісі келеді.

Айта кетейік, 33 жастағы футболшы биылғы маусымда 1 Лигада бес кездесуге қатысып үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер