Бокс

Абель Санчес: Головкин ашулы

Абель Санчес: Головкин ашулы
news-banner7
mobile-news-top

Жаттықтырушы Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «Канелодан» жеңілгенінен соң қандай күйде болғанын айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Бұл айқаста біз жеңіске жеттік деп білеміз. Жеңісті «Канелоға» берген екі төрешіден басқаларының бәрі Головкин ұтты деп есептейді.

Шешімді өзгерту біздің қолымыздан келмейді. Біз Геннадийді ұлттық чемпион деп санаймыз. Халық жеңіс Головкинке тиесілі екенін біледі, – дейді бапкер.

Абель Санчестің айтуынша, қазақстандық боксшы көңілсіз жүрген көрінеді, сондай-ақ Лас-Вегаста алаң иелеріне артықшылық берілетініне ашулы.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын. Аталмыш жекпе-жек төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетіп, GGG-ге тиесілі болған WBA Super және WBC чемпиондық белбеулерін иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер