«Астананың» төрт ойыншысы үздіктер қатарында

«Астананың» төрт ойыншысы үздіктер қатарында
news-banner7
mobile-news-top

Беделді WhoScored сайты Еуропа Лигасы топтық кезеңінің алғашқы турындағы үздік футболшыларды анықтады, деп жазады Prosports.kz сайты.

K тобында өнер көрсететін «Астана» топтық кезеңнің алғашқы ойынында киевтік «Динамомен» кездесіп, тең түскен болатын. Алаң қожайындары соққан екі голға елордалық клубтың сапынан қорғаушы Марин Аничич пен шабуылшы Роман Мұртазаев жауап қайтарған.

Ал топтың екінші кездесуінше франциялық «Ренн» өз алаңында чехиялық «Яблонец» командасынан басым түсті.

WhoScored сайты K тобының үздіктері сапына «Астананың» төрт бірдей ойыншысы қосқан. Атап айтқанда, ең жоғары ұпайды жинаған Марин Аничич (8,1), оның қорғаныстағы әріптесі Евгений Постников (7,3), сол қапталда ойқастаған Педро Энрике (7,5) және шабуылшы Джуниор Кабананга (6,7) енген.

K тобының үздіктері

K тобының үздіктері

Ал Еуропа Лигасының алғашқы турының үздіктері мынадай:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер