Бокс

«Астана арландары» Қытайдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді

«Астана арландары» Қытайдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана арландары» Дүниежүзілік бокс сериясының финалына Қытайдың Сямын қаласында дайындалды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Қыркүйектің 12-сі мен 19-ы аралығында боксшыларымыз елордада оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Астана қаласының құрамасымен бірлескен жаттығу ұйымдастырған «арландар» спаррингтік жекпе-жектер жасап, соңғы дайындықтарын пысықтады. Артынша Қытайдың Сямын қаласында бірінші оқу-жаттығу жиынын өткізді.

«Астана арландарының» Қытайға аттанған құрамы:

49 келі: Теміртас Жүсіпов

52 келі: Сәкен Бибосынов

56 келі: Ілияс Сүлейменов

60 келі: Закир Сафиуллин

64 келі: Бекдәулет Ибрагимов, Ділмұрат Мижитов

69 келі: Асланбек Шымбергенов

75 келі: Әбілхан Аманқұл

81 келі: Бек Нұрмағамбетов

91 келі: Нұрбол Алтаев

91+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Енді оларды Дүниежүзілік бокс сериясының ақтық айқасы күтіп тұр. Қарсыластарымыз «Куба батырлары». Жекпе-жек кештері Қытайдың Сямын және Цзинцзян қалаларында қыркүйектің 26-сы мен 28-і аралықтарында өтеді. Жекпе-жек екі күннен тұрады. Егер текетірес тең аяқталса, онда жеңімпаз 64 келідегі боксшылардың қосымша айқасының қорытындысы бойынша анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер