Алматыда спорттық гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАлматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан біріншігі аяқталуға жақын. Еліміздің ең үздік гимнастары ел чемпионы атағына таласуда, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.
Ел біріншілігі 17-23 қыркүйек аралығында өтуде. Чемпионатқа жалпы есебі 104 спортшы қатысып жатыр.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Көпсайыс, ерлер
1. Ербол Жантықов (Алматы) - 158.95
2. Ілияс Азизов (Алматы) - 157.00
3. Дмитрий Патанин (Астана) 155.90
Еркін жаттығу
1. Дмитрий Патанин (Астана) – 14.133
2. Милад Карими (Алматы) – 13.633
3. Ілияс Азизов (Алматы) – 13.500
Атпен жаттығу
1. Нариман Құрбанов (Алматы) – 13.600
2. Ильфрат Имарджанов (Алматы) – 12.633
3. Махамбет Әлмұханов (Шымкент) – 12.133
Шығыршықпен жаттығу
1. Дмитрий Патанин (Астана) – 12.800
2. Ербол Жантықов (Алматы) – 12.750
3. Акбар Жалали (Алматы) – 12. 075
Бүгін жекелеген үш снарядтағы чемпиондар анықталады.