Жеңіл атлетика

Георий Шейко Қытайдағы халықаралық жарысқа қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Сучжоу қаласында спорттық жүрістен Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының IAAF Race Walking Challenge Wuzhong «AROUND TAIHU» кезеңі өтеді, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Бұл жарысқа Қазақстанның кәсіби жеңіл атлетика клубы Altay Athletics те өз спортшыларын жібермекші. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының тумасы, 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Георий Шейко қатысады. Сондай-ақ осы клубтың легионерлері Александр Ляхович (Беларусь), Дмитрий Дюбин (Беларусь), Иван Лосев (Украина) Қытайдағы жарыста бақ сынайды. Олардың барлығы Altay Athletics клубының атынан өнер көрсетеді.

Айтпақшы, Гегорий Шейко биыл Жапонияның Номи қаласында өткен Азия чемпионатында 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола жүлде еншілеген. Азия ойындарында мәреге алтыншы болып келді. Айтпақшы, Шейко жақында Оралдағы қайырымдылық жартылай марафонына қатысты.

Айта кетейік, IAAF Race Walking Challenge Wuzhong «AROUND TAIHU» кезеңі 24-26 қыркүйек аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер