Жеңіл атлетика

Жасөспірімдер Олимпиадасында 179 елден 680 жеңіл атлет қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетика маусымы әлі аяқталған жоқ. Алда жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары өтеді. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарын Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласы қабылдайды, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Олимпиада ойындары 6-18 қазан аралығында өтеді. Жеңіл атлетика сайыстары 11 қазанда басталады. Оған 2001 жылдан бері қарай туған спортшылар қатысады.

Жасөспірімдер арасындағы Олимиада ойындарына жеңіл атлетикадан Азия құрлығынан іріктеу 4-5 шілде күндері Таиландтың Бангок қаласында өткен болатын. Ол кезде ұлдар арасында 57, қыздар арасында 32 лицензия сарапқа салынды. Қазақстаннан 16 жастағы атлеті Ефим Тарасов (ШҚО) 400 метрге жүгіруден екінші келіп (48.99 сек) бес жолдаманың біреуіне иелік еткен. Керекудің 15 жастағы спортшысы Александра Залюбовская да осы қашықтықта жүгіріп, жолдамаға қол жеткізген. Ақмола облысының тумасы, 16 жастағы Анастасия Глухарева үш қарғып секіруден екінші орын алған (12.70 метр). Бұл сайыс түрінен өзі бар-жоғы екі сарапқа салынған болатын. Айтпақшы, аталған үш спортшы да Бангкокта жеке рекордтарын жаңартқаны бар.

Бұл үшеуінен бөлек Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (IAAF) жабық шешімінің нәтижесінде тағы екі жолдама бұйырған. Қызылордалық Галина Панасенко мен Солтүстік Қазақстанның атлеті Кристина Морозова сондай мүмкіндікке ие. Панасенко 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қатысса, Морозова 5 шақырымға спорттық жүрістен бақ сынайды.

IAAF-тың ресми сайтындағы мәліметтерге назар аударсақ, III жасөспірімдер Олимпиадасында 179 елден 680 жеңіл атлет қатысады. Арасында жастығына қарамастан өздерін мойындатып жүргендері де жетерлік. Мысалы, болгар қызы Александра Начаева жасөспірімдер арасында әлем чемпионы. Еуропа чемпионатында жүлде алған. Биыл Финляндиядағы жарыста үш қарғып секіруден 14.18 метрді бағындырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер