Қазақстан футбол федерациясы «Ақтөбенің» мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан футбол федерациясы «Ақтөбенің» мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) «Ақтөбе» футбол клубының айналасында қалыптасқан мәселеге байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясына (ФИФА) мүше болу - ұлттық қауымдастықтар мен футбол субъектілерін ұйымның жарғысы мен ережелерін сақтауға міндеттейді. ҚФФ «Ақтөбе» футбол клубының ішкі және халықаралық аренадағы табыстарын ескере отырып, чемпионатқа, футболшылар мен футбол қоғамдастығына нұқсан келтірмейтіндей реттеуге талпынды. Сондай-ақ ФИФА мен ҚФФ-тың ережелері мен құжаттарын қатаң сақтау жөнінде клубты бірнеше рет хабардар етті. Сонымен қатар, ойыншылар алдында қарызды міндетті түрде өтеу қажеттігін хабарлады, - делінген ҚФФ мәлімдемесінде.

Атап өтілгендей, ФИФА мен Қазақстан футбол федерациясының заң органдарының шешімін елемеу және орындамау арқылы қатаң санкцияларға ұшырайтыны жөнінде «Ақтөбе» футбол клубы облыс жетекшілігінің деңгейіне дейін бірнеше мәрте ескертілген. «Қазіргі уақытта футбол клубына қатысты сот ісі жоғарыда айтылған құжаттардың талабына қайшы жүріп жатыр», - деді ҚФФ-тан.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық бірқатар БАҚ-та ФИФА-дан ҚФФ-тің жауапты хатшысының атына хат келгені айтылды. Онда Халықаралық федерация ҚФФ-тан «Ақтөбе» футбол клубына және оның бұрынғы ойыншыларына қатысты сот отырыстарына нүкте қою үшін «қисынды шаралар қабылдауды» сұраған. Сот отырыстары қазір Ақтөбе қалалық сотында өтуде.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер