МӘССАҒАН
Басқа

Әлемге әйгілі бүркітші қыз тарихи отанына келді

Әлемге әйгілі бүркітші қыз тарихи отанына келді
news-banner7
mobile-news-top

Астанада өткен баспасөз мәслихатында бүркітші қандасымыз әсерімен бөлісті.

"Qazaqstan" РТРК шақыруымен келген Айшолпан Нұрғайыпқызы аталған арнаның тапсырысы бойынша түсірілген деректі фильмнің бірінші бөліміне түскен. 12 бөлімнен тұратын картинада шет елдерде тұратын қазақтардың өмірі мен тұрмысы туралы баяндалады.

"Мені осында шақырғаныңызға өте ризамын. Рақмет айтамын. Мен көп елде болсам да, Қазақстанға келуді армандап жүрдім. Бүгін арным орындалып отыр. Сол үшін білім-инновация қорына және Ерлан ағаға рақмет айтқым келеді", - деді Айшолпан Нұрғайыпқызы.

Естеріңізде болса, 2014 жылы ағылшынның "Daily Mail" басылымы құсбегілік өнерін игерген 13 жастағы қазақ қызы туралы мақала жариялап, Айшолпанды бүкіл әлемге танымал етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер