ҚФФ «Ақтөбеге» қатысты мәлімдеме жасады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз-қызметі «Ақтөбеге» қатысты жағдай жайында ресми пікірді жариялады.

«Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясына (ФИФА) мүше болу – ұлттық қауымдастықтар мен футбол субъектілерін ұйымның жарғысы мен ережелерін сақтауға міндетті екенін хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясы «Ақтөбе» футбол клубының ішкі және халықаралық аренадағы табыстарын ескеріп, чемпионат пен футболшыларға, футбол қоғамына нұқсан келтірмей жағдайды реттеуге талпынып, ФИФА мен Қазақстан футбол федерациясының ережелері мен құжаттарын қатаң сақтау қажет екені жөнінде клубты бірнеше рет хабардар етті. Сонымен қатар, ойыншылар алдында қарызды міндетті түрде өтеу қажет екенін хабарлады.

ФИФА мен Қазақстан футол федерациясының заң органдарының шешімін елемеу және орындамау арқылы қатаң санкцияларға ұшырайтыны жөнінде «Ақтөбе» футбол клубы облыс жетекшілігінің деңгейіне дейін бірнеше мәрте ескертілген болатын.

Қазіргі уақытта футбол клубына қатысты соттың істі қарауы жоғарыда айтылған құжаттардың талабына қайшы жүріп жатыр», - делінген ресми хабарламады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер