Кабананга «Астананың» еурокубоктағы үздік асистенттер тізімінде үшінші орынға шықты

Кабананга «Астананың» еурокубоктағы үздік асистенттер тізімінде үшінші орынға шықты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» 2018/2019 жылғы Еуропа лигасы топтық кезеінің алғашқы кездесуін киевтік «Динамоға» қарсы өткізіп, 2:2 есебімен тең түсті.

Елордалық команда соққан екі голдың бірінде Жуниор Кабананга Марин Аничичке нәтижелі пас шығарды.

Клубтың баспасөз-қызметі жазған ақпарат бойынша, Жуниор үшін бұл нәтижелі пас «Астана» жейдесіндегі еурокубоктарда берген 4-ші асист ретінде жазылды. Ол осы нәтижесінің арқасында Фокси Кетевоаманы қуып жетті, енді олар клубтың еурокубоктардағы үздік асистенттер тізімінде өзара үшінші орынды бөлісіп тұр.

«Астана» жейдесінде еурокубоктерда Кабанангадан көп нәтижелі пас берген екі ғана ойыншы бар. Олар Патрик Твумаси (5) және Дмитрий Шомко (8).

Айта кетейік, конголық шабуылшы «Астана» сапында еурокубоктерда 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер