Бокс

«Бәрібір». Головкиннің бапкері жеңілістен соң өз стилін өзгертпейді

«Бәрібір». Головкиннің бапкері жеңілістен соң өз стилін өзгертпейді
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Мурат Гассиевтің бапкері Абель Санчес таяуда шәкірттерінің маңызды титулды жекпе-жектерде жеңіліп қалуына қатысты түсініктеме берді.

Гассиев Александр Усикке есе жіберіп, бірінші ауыр салмақтағы IBF және WBA Super тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды, ал Головкин Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жекте алғаш рет жеңіліске ұшырады, қазақстандық орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO белбеулерін бәске тікті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«Осы жеңілістерден кейін қысымды сезініп, жаттығу стилін өзгертуге тырысамын ба? Жоқ. Бәрібір менің залымда жаттығатын боксшылардың жеңісі орта есеппен 92%-ті көрсетіп отыр. Головкин белбеуін 20 мәрте қорғады және барлық уақыттағы нокауттардың ең жоғарғы пайызын иеленді. Гассиев үздіктер үздіктермен жұдырықтасатын турнирге қатысты. Біздің жүйенің арқасында осындай жетістіктерге жеттік. Сондай-ақ, менің залымда тағы басқа екі әлем чемпионы бар», — деді Санчес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер