Ненад Эрич: Тең ойын – заңды нәтиже

Ненад Эрич: Тең ойын – заңды нәтиже
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа Лигасы топтық кезеңінің алғашқы ойынында Киевте тең нәтижеге қол жеткізді.

Ойын соңында елорда командасының капитаны Ненад Эрич матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Сырт алаңдағы кездесудегі тең нәтижеге толықтай көңіліміз толады. Жалпы алғанда, голдарға толы қызықты кездесу болды. Біз жіберген қателіктер салдарынан қақпамызға гол жіберіп алдық. Бұл футбол болған соң, ондай жағдайлар болып тұрады. Ең бастысы ілгері жылжуымыз қажет. Ойын соңына таман есепті теңестіргеніміз жақсы болды. Тең ойын – заңды нәтиже деп ойлаймын.

- Ненің арқасында есепті теңестіре алдыңыздар?

- Команда өзінің максимум деңгейін көрсетіп, соңғы минутқа дейін өзімізге тән ойын үлігісін көрсеттік.

- Киевтегі стадионның атмосферасы ұнады ма?

- Дәл мұндай алаңда ойнағанның өзі бір ғанибет. Жанкүйерлер өте жақсы футбол атмосферасын орната алды. Ал «Динамоға» келер болсам, олар өте жақсы команда, Украина чемпионатында сәттілік тілеймін.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер