«Астана» сырт алаңда киевтік «Динамомен» тең тарқасты

«Астана» сырт алаңда киевтік «Динамомен» тең тарқасты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясындағы алғашқы матчын сырт алаңда киевтік «Динамо» командасына қарсы өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Үшінші жыл қатарынан Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынап жатқан елорладық команда Кеңес футболының үздігі болған даңықты «Динамоға» қарсы матчқа үлкен үмітпен аттанған. Украиналық команданың соңғы кездері ала-құла өнер көрсетіп жүргенін пайдаланып, сырт алаңнан ұпай еншілеп қайтуды мақсат етті.

Команданың бас бапкері Григорий Бабаян негізгі құрамға аздаған өзгеріс енгізді. Жартылай қорғаныс шебіне Серікжан Мужиковтың орнына Әзірбайжан құрамасының ойыншысы Ричард Альмейданы шығарды. Бірақ, біздің ойымызша бұл аса көреген шешім бола қойған жоқ. Альмейданың Серікжаннан асырып өнер көрсеткенін байқай алмадық.

Бірінші тайм қорытындысы бойынша есеп 2:1 болды. Алғашқы голды алаң иелері соқты. Ойынның 11-ші минутында Цыганков гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді қуанышқа бөлеген еді, алайда араға он минут салып қонақтар сапынан Аничич есепті теңестірді.

Осы нәтиже алғашқы 45 минут аяқталғанша өзгермеген. Алайда, төреші қосқан қосымша уақытта алаң иелері қайтадан алға шықты. Гол соққан: Гармаш.

Екінші таймда қонақтар көп шабуылдады. Допты бақылауда ұстап, есепті теңестіруге барын салып бақты. Алайда, 90 минут біткенше гол соғудың сәті түскен жоқ. Алаң иелері үш ұпайға қол жетім жер қалғанда қонақтар мінез танытып, есепті теңестірді. Бірінші таймда украиналықтардың өз істегенін қайталап, қосымша уақытта гол соқты. Бұл жолы қосалқы құрамнан шыққан Роман Муртазаев шеберлігімен көзге түсті.

Еуропа лигасы. Топтық кезең

«Динамо» - «Астана» - 2:2 (2:1)

Гол соққандар: Виктор Цыганков 11, Денис Гармаш 45+2 - Марин Аничич 21, Муртазаев 90+4

«Динамо» Киев: Бойко (Қ), Сидорчук (К), Вербич, Цыганков, Гармаш, Пиварич, Бурда, Буяльский, Н. Русин, Кадар, Кендзера.

«Астана»: Эрич (Қ) (К), Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Педро Энрике, Томасов, Маевский, Ричард Альмейда, Кабананга, Постников, Шомко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер