Бокс

«Астана арландары» Қытайға аттанды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін түнде «Астана» Президенттік клубының құрамына кіретін «Астана арландары» Дүниежүзілік бокс сериясының финалын өткізу үшін Қытайға ұшып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 12-сі мен 19-ы аралығында боксшыларымыз елордада оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Астана қаласының құрамасымен бірлескен жаттығу ұйымдастырған «арландар» спаррингтік жекпе-жектер жасап, соңғы дайындықтарын пысықтады. Енді оларды Дүниежүзілік бокс сериясының ақтық айқасы күтіп тұр. Қарсыластарымыз «Куба батырлары». Жекпе-жек кештері Қытайдың Сямын және Цзинцзян қалаларында қыркүйектің 26-сы мен 28-і аралықтарында өтеді. Жекпе-жек екі күннен тұрады. Егер текетірес тең аяқталса, онда жеңімпаз 64 келідегі боксшылардың қосымша айқасының қорытындысы бойынша анықталады.

Бұған дейін «Астана арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков финалға дайындалатын боксшылардың есімін жариялаған болатын. Енді Қытайға аттанған нақты құрам белгілі болды.

«Астана арландарының» Қытайға аттанған құрамы:

49 келі: Теміртас Жүсіпов

52 келі: Сәкен Бибосынов

56 келі: Ілияс Сүлейменов

60 келі: Закир Сафиуллин

64 келі: Бекдәулет Ибрагимов, Ділмұрат Мижитов

69 келі: Асланбек Шымбергенов

75 келі: Әбілхан Аманқұл

81 келі: Бек Нұрмағамбетов

91 келі: Нұрбол Алтаев

91+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер