Әлем футболы

«Динамо» Киев – «Астана»: Бірінші таймда алаң иелері жеңді

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясындағы алғашқы матчын сырт алаңда киевтік «Динамо» командасына қарсы өткізіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші тайм қорытындысы бойынша есеп 2:1. Алғашқы голды алаң иелері соқты. Ойынның 11-ші минутында Цыганков гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді қуанышқа бөлеген еді, алайда араға он минут салып қонақтар сапынан Аничич есепті теңестірді.

Осы нәтиже алғашқы 45 минут аяқталғанша өзгермеген. Алайда, төреші қосқан қосымша уақытта алаң иелері қайтадан алға шықты. Гол соққан: Гармаш.

«Динамо» Киев: Бойко (Қ), Сидорчук (К), Вербич, Цыганков, Гармаш, Пиварич, Бурда, Буяльский, Н. Русин, Кадар, Кендзера.

«Астана»: Эрич (Қ) (К), Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Педро Энрике, Томасов, Маевский, Ричард Альмейда, Кабананга, Постников, Шомко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер