Басқа

Элизабет Тұрсынбаева Словакиядағы халықаралық турнирде екінші орында келеді

news-banner7
mobile-news-top

Словакияның Братислава қаласында мəнерлеп сырғанаудан Ondrej Nepela ondrej 2018 халықаралық турнирі өтуде, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Аталған сынға қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қатысып жатыр. Қысқа бағдарламаны еш қатесіз орындаған біздің спортшымыз 69,99 ұпаймен екінші орында тұр.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 70,79 ұпай жинаған жапониялық Рика Кихира бірінші орында. Үшінші орында ресейлік Станислава Константинова.

Ертең спортшылар еркін бағдарламада сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер