Бокс

Головкиннің бапкері келесі қарсыластарын атады

Головкиннің бапкері келесі қарсыластарын атады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34КО) жаттықтырушысы Абель Санчес өз шәкіртінің алдағы уақытта кездесуі мүмкін қарсыластарының атын атады, деп хабарлайды prosports.kz.

- WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасу жоспарда бар, немесе оның қазіргі қарсыласы Андраде Деметриуспен кездесуіміз мүмкін, егер ол англиялықты жеңе алса. Бұлардан бөлек WBA нұсқасы бойынша тұрақты чемпион Риото Муратамен жекпе-жек өткізуіміз де мүмкін, - дейді Санчес.

Естеріңізде болса, 15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңілген Головкин өзінің WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған болатын.

Тағы бір айта кетерлігі, жоғарда біз сөз еткен Сондерс-Андраде жекпе-жегі 20 қазанда Бостон қаласында (Массачусетс штаты, АҚШ) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер