русский язык

1936 жылы Берлинде өткен ойындарда американдық жеңіл атлетші Джесси Оуэнс ұтқан 4 алтын Олимпиада медалінің біреуі интернет-бәссаудасы барысында 1 466 574 долларға сатылды. Әзірге сатып алушының есімі құпия болып отыр.

Осыған дейін бәссаудада сатылған ең қымбат Олимпиада жүлдесі грек Спирос Луистің 1986 жылғы марафонда ұтқан күміс кубогі болып келген. Кубок 2012 жылы Лондонда өткен бәссауда кезінде 867266 долларға сатылған болатын.

1949 жылы өмірден өткен Оуэнс Берлиндегі Олимпиада ойындарында төрт мәрте жеңіс тойын тойлаған, деп жазады "Қазақпарат" агенттігі utro.ru сайтына сілтеме жасап. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;