Шелдон Бато «Жетісуға» қарсы матчқа қатыса алмайды

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» командасының қорғаушысы Шелдон Бато Премьер лиганың 27-ші туры аясында өтетін «Жетісуға» қарсы матчқа қатыса алмайды.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Ақжайыққа» (0:1) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл футболшының осы маусымдағы төртінші рет сары қағазбен жазалануы болғандықтан, келесі турда командасына көмектесе алмайды.

27 жастағы футболшы биыл 22 ойынға қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер