Велоспорт

Қазақстандық велоспортшылар Каппадокия турында жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық велоспортшылар Түркияда өткен Каппадокия турынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Аталған рейтингілік турнирге 5 мемлекеттен 10 команда қатысты.

Бірінші кезеңде қазақстандық Александр Овсянников мәреге екінші болып келді. Екінші кезеңде Алексей Волошин күміс, А. Овсянников қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, үш күнге созылған тур қорытындысы бойынша қазақстандық Александр Овсянников чемпион атанды.

Аталған сында Қазақстан намысын Александр Овсяннкиов, Алексей Волошин, Арман Қамышев, Александр Семенов, Аспан Жүкенов, Никита Соколов, Степан Астафьев қорғаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер