Басқа

Бекзат Саттархановтың анасы тікелей эфирде сырымен бөлісті

Бекзат Саттархановтың анасы тікелей эфирде сырымен бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Сырлыгүл Шойбекова көзі тірі болғанда биыл 40 жасқа толатын кенже ұлы туралы естеліктерімен бөлісті.

Сырлыгүл ханымның айтуынша, дәрігерлер Бекзатты босануға рұқсат бермепті.




"Бекзатты босануға мүлдем рұқсат бермеді. Ұлдарым Мақсат пен Бекзаттың арасы үш жас. Үйдегі көкеміз "бала жетеді" деп 4 айлық баламды ойбайлатып алдырып тастаған еді. Бекзатты көтергенімді ол кісіге де айтпай, қашып жүрдім. Айтуға қорықтым, ол кісі де есепке тұрғаннан кейін білді. "Саған бала керек пе, жан керек пе" деп ашуланды. Дәрігерлерге де "бәріне өзім жауап беремін" деп айттым. Қыз баланы босанып алайын деп ойлап жүргенмін, ақыры Бекзатым дүниеге келді", — деді Сырлыгүл Шойбекова өткенін еске алып.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер