русский язык
Хоккей

Хет-трик жасаған Боченски командаға жеңіс сыйлады

Хет-трик жасаған Боченски командаға жеңіс сыйлады

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында Владивосток командасы «Адмиралмен» кездесіп айқын жеңіске жетті.

Екі апта демалған «Барыс» матчты еркін бастады. Шығыс конференциясындағы ортаңқол команда саналатын «Адмирал» бірінші периодта әлсіздеу еді. Ари-Пекки Селин шәкірттері оныншы минутта есепті ашты. Шайбаны өз атына жазған Брэндон Боченски араға он минут салып тағыда көзге түсті. 

Екінші кезеңде «ұйқыдан оянған» «Адмирал» екі гол қайтарды. Авторлары - Владимир Первушин мен Феликс Шютц. Біздің жігіттер де қарап қалмады, Найджел Доус бір шайба соғып Боченски хет-трик жасады.

Қазақстандық команда көп жіберсе де екі есе көп соғатыны жанкүйерге белгілі. Үшінші кезеңде қарслыстар сапындағы Шютц тағы бір гол соқса, Константин Руденко «Адмирал» қақпасына бесінші шайбаны енгізді. Артынша Роман Старченко алтыншы голды  соғып нәтижені қорытындылады. 6:3 – «Барыс» биылғы маусымдағы 26-ы жеңісіне қол жеткізіп ұпай саны бойынннша көш басындағы «Ақ Барсқа» жетіп қалды.

Хоккей. ҚХЛ

«Барыс» (Астана) - "Адмирал" (Владивосток) - 6:3 (2:0, 2:2, 2:1)
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;