Денис Бойко: «Астана» - құрамында өте мықты ойыншылары бар тәжірибелі команда

news-banner7
mobile-news-top

«Динамо» (Киев) - «Астана» арасындағы ойын алдындағы баспасөз жиынындаукраиналық команда қақпашысы Денис Бойкожурналистердің сауалдарына жауап беріп, алдағы ойын туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

- Ішкі чемпионаттағы сәтсіздіктерден кейін, «Астанаға» қарсы кездесуге команда психологиялық тұрғыда дайын ба?

- Еуропа Лигасы – өте мықты турнир, сондықтан, алдағы кездесудің қаншалықты маңызды екендігін ешкімге артық түсіндірудің қажеті жоқ. Барлық ойыншылар психологиялық және физикалық тұрғыда дайын. Барлығы ертеңгі матчта сәтті өнер көрсетуді көздейді.

- Қарсыластың ойынын талдап үлгердіңіздер ме? Ертеңгі ойыннан не күтесіз?

- «Астана» - құрамында өте мықты ойыншылары бар тәжірибелі команда. Біз қарсыластың ойынын талдадық. Барлығын ертеңгі матч көрсетеді.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер