Ненад Эрич: Біз жақсы нәтижеге жету үшін келдік

Ненад Эрич: Біз жақсы нәтижеге жету үшін келдік
news-banner7
mobile-news-top

«Динамо» (Киев) - «Астана» арасындағы ойын алдындағы баспасөз жиынында елорда командасының капитаны Ненад Эрич журналистердің сауалдарына жауап беріп, алдағы ойын туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Біз бұл кездесуге барынша жауапкершілікпен дайындалдық. Сондықтан, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын.

- Ұлттық құрамдағы үзілістен кейінгі команданың жағдайы қалай?

- Ұлттық құрама сапындағы ойындар аяқталды. Біздің «Динамоға» қарсы кездесуге дайындалатын уақытымыз жеткілікті болды. Біз кәсіби деңгейдегі ойыншылар болғандықтан, өткен кездесулерді ұмытып, Еуропа Лигасы мен Қазақстан чемпионаты ойындарына тыңғылықты дайындалуымыз қажет.

- Команда чемпионаттағы соңғы ойынында тең түсті. Бұл жағдай ертеңгі ойын алдында жігіттерге қосымша күш береді деп ойлайсыз ба?

- Біз «Қайсарға» қарсы кездесуде ұпай жоғалтып алдық. Ұлттық құрамадағы үзіліске байланысты, аталмыш ойынға дайындығымыз аз болып қалды. Дегенмен, ол ойында бір де бір ойыншы «Динамоға» қарсы кездесу туралы ойлаған жоқ. Біз үшін Қазақстан чемпионатында жақсы нәтиже көрсету аса маңызды. Ал өткен ойындағы сәтсіздіктен кейін, «Динамоға» қарсы жақсы ойын көрсетеміз деген сенімдемін.

- Осыған дейін Украинада, Киевте болдыңыз ба?

- Бұл менің Киевке алғаш келуім. Көп нәрсені көруге уақыт болған жоқ. Дегенмен, сіздердің қалаларыңыз өте әдемі, стадиондарыңыз тамаша!

- «Динамо» сапынан қандай ойыншыны ерекше атай аласыз?

- Мен ешкімді бөліп қарағым келмейді. «Динамо» - өте жақсы ойын үлгісін көрсетіп келе жатқан, мықты команда. Олар еурокубоктерде жыл сайын өнер көрсететін, өте үлкен клуб.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер