Басқа

Азиада жүлдегері Аян Бейсенбаев триатлоннан Еуропа кубогіне аттанды

Азиада жүлдегері Аян Бейсенбаев триатлоннан Еуропа кубогіне аттанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық триатлоншылар Түркияның Алания қаласында өтетін Еуропа Кубогіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК порталына сілтеме жасап.

22-23 қыркүйек күндері Аланияда қарт құрлықтың триатлоншылары бас қосады.

Аталған сында Қазақстан намысын Азия ойындарының күміс жүлдегері әрі ел чемпионы Аян Бейсенбаев, сондай-ақ, Мейірлан Ысқақов пен Темірлан Теміровтер қорғайды.

Ал Дэнис Туницкий, Ашраф Камалова және Наталья Короткова «спринт» бойынша жасөспірімдер арасында бақ сынайды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер