Футзал

Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді
news-banner7
mobile-news-top
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 20-22 қыркүйек аралығында Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп жазады ҚФФ-ның ресми сайты.

Команда дайындыққа жаңа бапкер Пауло Рикардо Фигейра Силваның жетекшілігімен кіріседі. «Қайрат» футзал клубын жаттықтыратын бразилиялық бапкер бірнеше үміткердің арасында таңдалынып алынды.

Оқу-жаттығу жиынына бірқатар жас футболшылар шақырылды. Олардың қатарында Қазақстан студенттер құрамасының ойыншылары Арнольд Кнауб, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов және Антон Рындин бар. Айта кетейік, Қазақстан студенттер құрамасы Алматыда өткен әлем чемпионатында екінші орын алған болатын.

23 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Бакуде Әзірбайжан футзал құрамасымен жолдастық матч өткізеді.

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Де Мело Вийера Лейте Леонардо «Игита» («Қайрат»), Александр Гуров («Жетісу»);

Алаңдағы ойыншылар: Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Да Силва Рего Тайнан, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов (барлығы – «Қайрат») Альберт Ақбалықов, Қайрат Иманалин (екеуі де – «Ақтөбе»), Арнольд Кнауб, Александр Довгань (екеуі де - «Жетісу»), Антон Рындин («Аят»);

Жаттықтырушылар штабы: Пауло Рикардо Фигейра Силва - бас бапкер, Сергей Коридзе - бас бапкердің көмекшісі, Жандос Кеңесов - администратор, Хосилбек Тагаев - дәрігер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер