ММА

ММА шебері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігітті жекпе-жекке шақырды

ММА шебері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігітті жекпе-жекке шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Сәбит Жүсіпов Алматы қаласында жедел жәрдем көлігінің егде жастағы жүргізушісіне қол көтерген түрік азаматына видео үндеу жолдады, деп жазады prosports.kz.

Түсінікті болу үшін сәл шегініс жасап айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде белгісіз азамат жедел жәрдем көлігін тізгіндеген егде жастағы жүргізушінің жағасына жармасқан сәті түсірілген видео пайда болды. Кейін оқиғаның Алматыда орын алғаны анықталып, жүгенсіз жігіттің Түркия азаматы екені белгілі болды.

Тепесе темір үзетін жас жігіттің жасы алпысты алқымдаған үлкен кісіге күш көрсеткеніне күйінген ММА шебері Сәбит түрік азаматын жекпе-жекке шақырды.

28 жастағы түркиялыққа қарата айтқан сөзінде Жүсіпов, күші бойына симай жүрген жан болса онымен кездесіп, күш сынасып көруге дайын екенін айтады. Әрі керек болса оның жолақысы мен медициналық тексеріске кететін шығынды өтеуге сөз береді. Немесе өзі Алматыға барып, тентекті тектеуге де қарсы емес. Сөз соңында ол осы арқылы ақымақты ақылға салып, оған үлкендерді құрметтеуді үйреткісі келетінін ескертеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер